АТЫРАУ.KAZINFORM - Атырау қаласында ыстық су беру жұмысы уақытша тоқтайды. Алғашында бұл шара тамыз айына жоспарланған. Белгісіз себеппен қыркүйекке ауысты.
«Атырау жылу жүйелері» ЖШС мәліметінше, қаладағы барлық жылу пунктінен ыстық су беру 2-12 қыркүйек аралығында уақытша тоқтатылады.
Коммуналдық мекеменің баспасөз қызметі ыстық суды уақытша тоқтату туралы шешімнің себебін түсіндірмеді.
Бұған дейін Алматының Бостандық ауданында уақытша су беру шектелетінін жаздық.
Нұрбибі Теміртасова
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Журналистика және ақпарат» мамандығы бойынша білім алған. Медиа саласындағы жұмыс өтілі 5 жылдан асады. 2025 жылдың желтоқсан айынан бері Kazinform агенттігінің Атыраудағы тілшісі.