ПД мәліметіне сүйенсек, оқиға 6 сәуір күні таңғы сағат 7:45 шамасында болған. Жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан 2018 жылы туған жеткіншекті Toyota Hiace автокөлігі қағып кеткен. Жүргізуші — 52 жаста.
— Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдерінде жылдамдықты төмендетіп, аса мұқият болуға шақырады. Ата-аналарға балалардың жолдағы қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді, — деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қарағанды маңында аударылған автобуста зардап шеккендердің басым бөлігі үйіне жіберілгенін жазған едік.