Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған мәліметке қарағанда, оқиға 28 желтоқсанда болған.
«Бүгін жергілікті уақытпен сағат 13:00 шамасында Атырау агро-техникалық колледжінің 1 курсында оқитын студентінің соққыға жығылғаны анықталды. Осыған байланысты құқық бұзушылық жасады деген күдікпен аталған оқу орнының 5 студенті полиция бөліміне жеткізілді. Соққыдан соң зардап шеккен 1 курс студенті облыстық ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден өткізілді. Дәрігерлер соққыға жығылған студенттің жеңіл дене жарақатын алғаны туралы анықтама берді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері тиісті тергеп-тексеру амалын бастады.