Исатай ауданының тұрғыны 11 тамызда медициналық көмекке жүгініп, жағдайының ауырлығына байланысты Атырау облыстық инфекциялық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған. 15 тамызда науқастан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы зертханалық жолмен расталды. Дәрігерлер науқасқа қажетті ем жүргізіп, жағдайын тұрақты бақылауда ұстады. Ем нәтижесінде оның денсаулығы жақсарып, 24 тамызда жансақтау бөлімінен оқшауланған палатаға ауыстырылған.
— Кешенді емнен кейін науқастың жағдайы толық тұрақтанып, 31 тамызда стационардан шығарылды. Науқасқа ауруханадан шығарылған кезде тиісті медициналық ұсынымдар беріліп, тұрғылықты мекенжайы бойынша одан әрі амбулаториялық бақылауға жолданды, — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ал ауру жұқтыру қаупі болып, дегенмен кейін қызба расталмаған пациент өткен апта ауруханадан шығарылған.
Айта кетейік, екі науқас та бір отбасының мүшелері екені белгілі болды.