Атырауда көп қабатты тұрғын өртеніп, 36 адам эвакуацияланды

Фото: Видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM — Атырау қаласының Алмагүл шағынауданында 9 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы подъезде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

9 қабатты тұрғын үйдің 2 және 3 қабатындағы электр қораптары өртенген.

ТЖМ күштері баспалдақ арқылы 7 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарды. 36 адам эвакуацияланды, оның ішінде 10 бала бар. 

Өрт қысқа мерзімде сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда теңіз жағасындағы қамыс өртеніп жатқанын жаздық.