Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 31 жастағы әйелдің отбасында зорлық-зомбылыққа ұшырағаны анықталған.
«Құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын нығайту, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 20 қарашадан бері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шара кезінде №5 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция қызметкерлері ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторларымен бірге рейдтік тексеруге шықты. Тексеру кезінде 1984 жылғы күйеуінен 31 жастағы әйелдің зорлық-зомбылық көргенін анықтады. Әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға көмек көрсету орталығына орналастырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Ал, оның күйеуіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс сотта қаралды. Соттың қаулысымен 39 жастағы ер адамға ескерту беріліп, қорғау нұсқамасымен Атырау қалалық полиция басқармасының есебіне алынды.
Сондай-ақ, сот 1992 жылғы әйелдің мінез-құлқына ерекше талап белгіленді.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жыл басынан бері 686 алаяқтық қылмысы тіркелгенін хабарлаған болатынбыз.