«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Ғылым және мониторинг бөлімінің мамандары жүргізген зерттеу барысында лотостың гүлдеу кезеңіне жеткені тіркелді.
Мамандардың мәліметінше, өсімдіктің таралу аймағы резерваттың сол жақ кластерінен шамамен 3-4 шақырым қашықтықта орналасқан Перетаска өзегі бойынан анықталған. Зерттеу аясында жаңа өсу аумағына экологиялық бағалау жүргізіліп, фотоқұжаттау жұмысы жүргізілген.
Резерват қызметкерлерінің пікірінше, Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктің табиғи жағдайда жаңа аумақта кездесуі өңірдегі биоалуантүрліліктің сақталғанын көрсетеді.
Бұған дейін Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінде лотос гүлдей бастағанын жаздық. Дегенмен гүл саны әдеттегіден өте аз.