Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Конституция күніне орай өткен іс-шарада түрлі сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды. Президент Жарлығымен наградаға ие болғандардың бәрі – қарапайым еңбек адамдары.
Мәселен, «Құрмет» орденімен «Атырау жолдары» ЖШС-нің механизаторы Қайрат Айтмұхамбетов пен «ЭрЛи» ЖШС сарапшысы Сілемғали Смағұлов марапатталды. Екеуі де біраз жылдан бері құрылыс саласын дамытуға қосқан елеулі үлес қосып жүр.
Ал, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені «БатысАльянсСтрой» ЖШС машинисі Рахымжан Қазиевке берілді. «TSG Construction» ЖШС-нің учаске басшысы Бауыржан Жұмағалиев, «БатысСтройСервис» ЖШС-нің инженер-құрылысшысы Сырым Молдағалиев пен «Павлодар өзен порты» АҚ-ның учаске шебері Бауыржан Нұрғалиев, еңбек ардагері Төлеп Орынбасаров «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Гүлжайна Дүйісова, Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов пен облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы Марфуға Шапабаева «Үздік мемлекеттік қызметші» атанды. Атырау облыстық перинаталдық орталығының аккушер-гинекологы Мақсат Туғанбаевқа, орталық директорының орынбасары Меруерт Айдархановаға, аталған орталықтағы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Әлішер Абатовқа «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі берілді.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау студенттері Конституцияны жатқа айтудан сайысқа түскенін хабарлаған едік.