Атырауда Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті

АСТАНА. KAZINFORM —Атырау қаласындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

Фото: Атырау облысының әкімдігі

Мерекелік жиынға жиналған жұртшылық Әнұранды бірге шырқады.

Фото: Атырау облсының әкімдігі

Өңір басшысы Серік Шәпкенов мемлекеттік рәміздердің елдік рухты нығайтудағы және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы ерекше рөлін атап өтті.

Фото: Атырау облсының әкімдігі

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рәміздердің халқымызды ортақ мақсаттарға жұмылдырып, ұлттық рухты асқақтатудағы рөлін әрдайым айрықша атап айтып келеді. Рәміздерді құрметтеу — Отанға деген құрметтің белгісі. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін мемлекеттік нышандарымызды қастерлей білсе, елге деген шынайы сүйіспеншіліктің бір көрінісі сол болмақ. Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Әнұранымыз жас ұрпақты жігерлендіре берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! — деді облыс әкімі.

Фото: Атырау облысының әкімдігі

Мерекелік іс-шара өңірдің шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Фото: Атырау облысының әкімдігі