Атырау облысында 9 жайлы мектеп салынып жатыр

Фото: Фото: primeminister.kz

Биыл Атырау облысында 12 340 оқушыға арналған 10 мектеп пайдалануға берілді6 деп хабарлайды Kazinform.

«Биыл облыста 870 орындық 3 балабақша пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 1 740 балаға арналған 6 балабақша ашылады. Балабақшалар ашылған соң, мектепке дейінгі біліммен қамтылатын бала саны 82 пайыздан 87 пайызға дейін ұлғаяды. Өңірде 204 мектеп бар. Биыл 12 340 оқушыға арналған 10 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 1 200 оқушыға арналған 1 мектеп ашылады. Бұдан бөлек, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 15 600 оқушыға арналған 9 мектептің құрылысы басталды, - деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызмет алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, келер жылы 9 200 оқушыға арналған 3 мектептің құрылысы басталып, 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

«2024-2025 жылдары жергілікті бюджет есебінен 50 мектепті жаңарты жұмыстары жүргізіледі.

Биыл 3 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Жыл соңына дейін 6 мектепте, 2024 жылы 1 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар 23 автобус сатып алынды», - дейді ол.