Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын растады.
— Қазір аталған оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты және тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Ішкі істер органдары заң аясында тергеу амалдарына қатысушы барлық тұлғаның құқықтары мен тергеудің объективтілігін қамтамасыз етеді, — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.
Алайда, күдікті туралы мәліметті нақтылаған жоқ. Кейбір телеграм арнасындағы ақпаратқа қарағанда, күдікті жасөспірімнің өгей әкесі болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, бұған дейін ІІМ педофилдерді өмір бойы бақылауға алатыны хабарланды.