Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Бағдат Абдуллиннің айтуынша, қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 292-бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Сауда кешеніндегі өрттің себебін анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалады. Департаменттің анықтаушылары мен өрт-сынақ зертханасының мамандары қажетті зерттеуді жүргізіп жатыр. Тексеруден соң өрттің тұтану себебі анықталады. Әзірге болжам – электр желісінің қысқа тұйықталуы. Бұл сауда орталығында өрт қауіпсіздігі ережесіне байланысты тексеру 2019 жылы тексеру жүргізілді. Сол кезде бірқатар кемшілік анықталып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды», - деп хабарлады Бағдат Абдуллин.
Ал, «BAIZAAR MALL» ЖШС-нің заңгері Руслан Ізбасаровтың мәліметінше, сауда орталығынан дүңгіршектер мен басқа да орынды жалға алушыларға кәсібін сақтандыру ұсынылған.
«Бірақ бізден орындарды жалға алушылардың бәрі бірдей сақтандырылған ба, жоқ па, оны білмейміз. Өйткені, сақтандыруға төленетін ақша аз емес. Қазір сауда орталығы жұмысын уақытша тоқтатты. Соған байланысты біз жалға алушыларды жалға алу ақысын төлеуден босатылды. Ал, өрт кезінде «Детский мир» сауда желісінің балалар киімін сататын жалға алушы зардап шекті. Дәл осы сауда желісінің қоймасынан өрт шыққан. Әзірге тілсіз жаудың неден тұтанғаны анықталған жоқ», - дейді Руслан Ізбасаров.
Оның дерегіне қарағанда, өрттің нақты себебі анықталған соң сауда кешенінде жөндеу басталады.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда сауда орталығы өртеніп, 80 адам қауіпсіз аумаққа эвакуацияланғанын