Атырауда өртенген үйден 60 адам эвакуацияланды

Фото: видеодан алынған кадр

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау полицейлері өртенген үйден 60 адамды эвакуациялады.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өрт бүгін, 20 сәуірде болған. 

«Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бүгін, сағат 17:50 шамасында Атырау қаласында орналасқан көпқабатты үйдің 4-қабатынан өрт шыққанын байқаған. Содан соң өртенген үйден тұрғындарды жедел эвакуциялауға кірісті» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Полицейлер 10 минутта көпқабатты үйден 60 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Сондай-ақ, бір пәтердің есігін бұзып ашып, 2 қарияны алып шықты. 

Өрттен ешкім зардап шекпеген. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Құлсарыда қараусыз қалған үйлерді 110 полицей мен 60 сарбаз қадағалап жүргенін хабарлаған болатынбыз.