Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазір сотқа дейінгі тергеу басталған.
— Әлеуметтік желіде таралған фотоға байланысты мемлекеттік рәміздерді қорлау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Таралған жазбадағы төрт күдікті анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олардың екеуі — кәмелетке толмаған жасөспірім. Сол себептен, ата-аналарының қатысуымен жасөспірімдерден жауап алынып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, - деп мәлім етті полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталғаны хабарланған болатын.