Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы бүгін, 26 қазанда болған.
— Жергілікті уақытпен сағат 12:40 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 794-шақырымы тұсында жол-көлік оқиғасы тіркелді. 1979 жылғы ер адам жүргізіп келет жатқан «УАЗ» автокөлігі қарсы бағыттағы «DAF XF» автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «УАЗ» автокөлігінде отырған 1980 жылғы жолаушысы қаза тапты, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір жол-көлік оқиғасына, жолаушының көз жұмуына байланысты тиісті іс-құжаттар жиналып жатыр.
— Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «УАЗ» көлігінің жүргізушісіне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін ескерткен. Алайда, көлік жүргізушісі жасалған ескертулерге қарамастан жол апатына себепші болғаны анықталды. Жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында қозғалысқа қатысушыларға жол ережесін қатаң сақтау керектігін ескертеміз, — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 15 қойды көлік басқанын, кейін 32 жастағы жүргізуші 3 адамды қағып кеткенін жазған болатынбыз.