Атырауда полицейлер лифтте қалып қойған 2 жасар сәбиді құтқарды

Фото: polisia.kz

АТЫРАУ. KAZINFORM –  Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 102 операторына көпқабатты үйдің жедел сатысында қалып қойған сәби туралы хабарлама келіп түскен.

Жедел басқару орталығының қызметкерлері 8 қабатта тұрып қалған баланы құтқару үшін патрульдік экипажды бағыттады. 

Оқиға орнына жеткен Ақжол Кибатоллаев пен Жантөре Әліпкалиев лифт ішінде жылаған баланың дауысын естіп, есігін күшпен ашып, 2 жастағы баланы аман-есен алып шықты. Сәбидің анасы тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.

Полиция балалардың қауіпсіздігі мұқияттылық пен жауапкершілікті талап ететінін ескертеді.