️Атырауда полицейлер жоғары қабаттан секірмек болған әйелді құтқарды
21:12, 30 Қараша 2024
АТЫРАУ. KAZINFORM – 30 қараша күні қала тұрғындары 8 қабаттың терезесінен секірмек болған әйелді байқап полицияға хабарлаған.
Хабарлама бойынша жедел әрекет еткен учаскелік полиция инспекторы Әнуарбек Хамидоллаев дереу пәтердің иесін анықтады. Көп өтпей оны оқиға орнына шақырып, пәтерге өтіп, секірмек болған әйелді құтқарып қалды.
33 жастағы әйелдің пәтерді жалға алғаны анықталды. Қазіргі таңда оның бұл әрекетке баруына не себеп болғанын полицияның жедел-тергеу тобы тексеріп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында ер адам бөтеннің үйіне қасақана өрт қойғанын жазған едік. Соның салдарынан ұйықтап жатқан 2 бала оқиға орнында, ал, анасы ауруханада көз жұмды. Сот 3 адамның өліміне кінәліні өмір бойына соттады.