17 желтоқсан күні Атырау облысы аумағында қалың қар түсуі салдарынан тас жолдардың көктайғақ болуына байланысты Құлсары-Бейнеу, Атырау-Индер бағытындағы тас жолда көлік құралының барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Kazinform .
«Қазір патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тәуліктің түнгі мезгілінде тайғақ жол бойында көлік құралдарының қалып қоймауы үшін көлік құралдарын қызметтік көліктердің бағыттауымен жеткізу жұмыстарын жүргізуде.
Бейнеу ауданы бағытына 105-ке жуық көлік жөнелтілді», — деп жазды ІІМ-нен.
Сондай-ақ Индер ауданы аумағындағы елдімекендерге қызметтік көліктердің еріп жүруімен 150-ден астам көлік жеткізілді.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.