Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға бүгін, 12:39-да Таумыш Жұмағалиев көшесінде салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйде болған. Өрт құрылысқа арналған жылу оқшаулағыш материалы – көбік Plex-тен шыққан.
Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылының нәтижесінде тілсіз жау сағат 13:10-да толық сөндірілді. Жалынның жалпы аумағы 100 шаршы метрге жеткен.
Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Оралда қатты тұрмыстық қалдықтар полигонынан өрт шыққанын жазған едік.