Атырауда шетел азаматынан ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды

Фото: Polisia.kz

Атырауда белгісіз біреулер шетел азаматынан 1 млн 100 мың теңге талап етіп, күш көрсеткен, деп хабарлайды Kazinform.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бопсалаушылар 15 желтоқсанда ұсталған.

«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп, Өзбекстан Республикасының 30 жастағы азаматын күш қолдану арқылы заңсыз ұстаған күдіктілерді ұстады. Олар Атырау қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде шетелдікті ұрып-соғып, 1 млн 100 мың теңгені бопсалап, банк есепшоттарына аударуды талап еткен. Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Күдіктілер 1987 және 1991 жылғы Өзбекстан және Қазақстан Республикасының азаматтары қамауға алынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігімен, 126-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұсталған күдіктілерге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.