«Атырау Жарық» АҚ қалалық электр жүйелерінің бас инженері Тілеужан Меңдалиевтың айтуына қарағанда, су тасқынынан электр стансаларына қауіп төнбейді.
«Қазір Атырау қаласындағы су басуы қаупі жоғары учаскелерде 5 қосалды электр стансасы орналасқан. Осы және әлеуметтік маңызы бар нысандардағы электр стансалары топырақ салынған қаптармен толықтай қоршалып тұр. Сол себептен, тасқын судан электр стансаларына ешқандай қауіп төнбейді. Су басқан жағдайда мамандарымыз күшейтілген режимдегі жұмыс істеуге көшеді», - дейді Тілеужан Меңдалиев.
Еске сала кетелік, бұған дейін Жайық өзенінен Атырау маңындағы 5 елді мекенге қауіп төнуі мүмкін екенін жазған едік.
Сондай-ақ, Жайықтың көтерілуіне байланысты Атыраудағы балалар ауылында кезекшілік қойылды.