Атырауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 73 отбасына жаңа баспана берілді

Фото: Фото: Атырау қалалық әкімдігі

АТЫРАУ. KAZINFORM – Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырау қаласында 70 отбасы жаңа қонысқа көшті. Олар осы кезге дейін апатты деп танылған үйде тұрған. 

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, 67 отбасы «Модерн» және «Латифа» тұрғын үй кешендерінен жаңа пәтер берілген.

– Биыл жыл басынан бері Атырау қаласында 350-ден астам жаңа пәтер берілді. Оған апатты үйлерді паналап келген, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар мен кезекте тұрған тұрғындар қоныстанды. Бұл – тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жемісі. Тұрғындарды жаңа баспанамен қамту бағытындағы жұмыс алдағы жылда да жалғасын табады, - дейді Шәкір Кейкин.

Фото: Атырау қалалық әкімдігі

Сондай-ақ Атырау қаласының маңындағы Дамбы және Аспа ауылдарынан бірнеше отбасы жаңа қонысқа көшірілді. Оларға Зарослый ауылындағы жаңадан салынған жеке үйлер берілген. 

Фото: Атырау қалалық әкімдігі

Аспа ауылынан жаңа қонысқа көшкен тұрғынның бірі – Дәрмия Шыңғалиева. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда электр желілерін жаңғырту қалай жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.