Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, 67 отбасы «Модерн» және «Латифа» тұрғын үй кешендерінен жаңа пәтер берілген.
– Биыл жыл басынан бері Атырау қаласында 350-ден астам жаңа пәтер берілді. Оған апатты үйлерді паналап келген, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар мен кезекте тұрған тұрғындар қоныстанды. Бұл – тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жемісі. Тұрғындарды жаңа баспанамен қамту бағытындағы жұмыс алдағы жылда да жалғасын табады, - дейді Шәкір Кейкин.
Сондай-ақ Атырау қаласының маңындағы Дамбы және Аспа ауылдарынан бірнеше отбасы жаңа қонысқа көшірілді. Оларға Зарослый ауылындағы жаңадан салынған жеке үйлер берілген.
Аспа ауылынан жаңа қонысқа көшкен тұрғынның бірі – Дәрмия Шыңғалиева.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда электр желілерін жаңғырту қалай жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.