14 қазанда TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде кәмелетке толмаған қыз балағат сөздер айтқан.
Осы дерекке байланысты оның заңды өкіліне кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, оған білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік шара қолданылды.
Полиция ата-аналар мен заңды өкілдер балалардың тәрбиесіне жауапты екенін еске салады. Сондай-ақ олардың мінез-құлқына, соның ішінде әлеуметтік желілердегі әрекеттеріне де назар аударуы қажет екенін ескертеді.
Құқық қорғау органдары адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға, сондай-ақ буллингке жол берілмейтінін атап өтті.
Еске сала кетсек, бұған дейін Талдықорғанда полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде айтылған былапыт сөздерді анықтағанын жазған едік.