Атырауда тозығы жеткен 66 шақырым электр желісі жаңартылды

Фото: Freepik

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда электр желілері тозғандықтан тұрғындар жиы жарықсыз қалады. Биыл қала әкімдігінің тапсырсымен 66 шақырым электор сымы жаңартылады.

Атырауда жаздың аптап ыстығы басталса электр қуаты жиі сөніп тұрғындар мен кәсіпкерлік нысан иелері әбігерге түседі.

Тұрғындар электр қуаты кенеттен үзілгенгендіктен техникаға айтарылқтай зиян келетінін айтады.

— Тоңаызытқыш істен шығады. Түскі асқа үйге келесің, тамақ ішейін десең тоқ жоқ. Жиі-жиі сөніп қалады, — дейді тарыққан тұрғындардың бірі. 

Өзге тұрғындар тоқтың өшуі келеңсіздік тудыратын айтып, налыды. Балаларға массаж жасаумен айналысатынын айтып, дәл ем-дом жасап жатқан сәтте тоқ өшіп, жұмыс тоқтап қалатынын тілге тиек етті. Бұған ем алатын ата-аналар шағымданатын көрінеді. Тоқ түнге дейін берілмейтінін айтып, наразы екендіктерін жеткізді.

Биыл қалада 32 шақырым электр сымы толықтай жаңарған. Ал жыл соңына дейін тағы да тозығы жеткен 66 шақырым желі жаңартылады.

— Бөлім теңгеріміндегі және желілерді күтіп ұстау және электр қуатының үздіксіз беруді қамтамасыз ету үшін қала және елдімекендер бойынша 30 дана трансформатор орнатылды. Бұған қоса қала аумағында қамтылмай қалған шағын аудандардағы 66 км-дің электр желісін заманауи кабельге ауыстыру жоспарланып отыр, — деді Атырау қалалық ТҮКШ бөлімі секторының бас маманы Альфия Нұрмағамбетова. 

Сондай-ақ, маман қалада жалпы саны 36 дана қосалқы станциянының жаңартылатынын айтады. 

Электр желілерін жаңарту бойынша Атырау қаласы алдағы 2025-2026 жылдары 100 шақырым аумақтың тозған сымын ауыстырмақшы. Бұған қоса, аумақтағы «Атырау-Жарық» мекемесі де өзіне тиесілі 75 шақырым электр желісін жаңартуды жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында белгісіз індеттен түйе қырылып жатқанын хабарлаған едік.