Полицияның хабарлауынша, күдікті — 2,5 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған Индер ауданының 35 жастағы тұрғыны.
Тінту барысында күдіктіден бопсалау кезінде алынған 2,2 млн теңге табылып, тәркіленді.
— Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, — деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Полиция азаматтарды заңсыз талаптарға көнбеуге және қорқытып алу деректері болған жағдайда дереу полицияға хабарлауға үндеді.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде бопсалау және тонаумен айналысқан 7 күдікті ұсталғанын хабарлаған едік.