Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқиға 8 қазанда болған.
«Ауруханаға күндізгі сағат 15:20-да жарақат алған 2015 жылғы қыз түсті. Пациент басынан ауыр жарақат алған. Қазір аурухананың жансақтау бөлімінда жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқастың жағдайы ауыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Ал, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерекке байланысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
«Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері 8 қазан күні тіркелген оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Қазір кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жоғарғы қабаттан құлаған 2 жасар бала жансақтау бөліміне түскенін хабарлаған едік.