Атырауда волонтерлер 50 жеміс ағашының көшетін екті

АТЫРАУ. KAZINFORM — «Бұл менің ағашым». Еріктілер «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын қолдап, «Біз таңдаған жол» жобасы аясында игі бастамаға атсалысты. Іс-шараға 40 қа жуық адам қатысты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Фото: Атырау облысы әкімдігі

Олар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының аумағына 50 жеміс ағашының көшетін отырғызды. Сонымен қатар аумақты тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына атсалысты.

Фото: Атырау облысы әкімдігі

Экологиялық акцияны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» КММ және «Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды.

Фото: Атырау облысы әкімдігі

— Мақсатымыз — қоршаған ортаны көгалдандыру, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру және туған өлкенің көркеюіне үлес қосуға шақыру. Жастардың мұндай бастамаларға белсенді қатысып жүргені қуантады. Әрбір отырғызылған көшет — табиғатқа деген жанашырлық пен туған жерге деген жауапкершіліктің көрінісі, — деді «Азаматтық орталық» КММ-нің бөлім басшысы Әсемгүл Асқарқызы.

Фото: Атырау облысы әкімдігі
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Экологиялық бастама жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға және туған өлкені көркейтуге деген жауапкершілікті нығайтуға бағытталды.