Атырауда жыл басынан бері киберқылмысқа байланысты 50-ге жуық күдікті ұсталды

Фото: Freepik

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында жыл басынан бері 300-ден астам киберқылмыс тіркелді. Оның басым бөлігі интернеттегі алаяқтықпен байланысты болып отыр. 

Атырау облыстық полиция департаментінің жедел уәкілі Расул Жолдастың айтуынша, алаяқтар WhatsApp, Instagram, Telegram, Facebook желілерін, шетелде тіркелген мобильді нөмірлер мен фейк аккаунттарды пайдаланады. 

– Жыл басынан бері 50-ге жуық күдікті ұсталып, 133 қылмыстық іс сотқа жолданды. Кейбір деректерге қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Атырау облысында тіркелген киберқылмыстардың басым бөлігі интернет-дүкендер арқылы жалған тауар сату, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып алдау, фишингтік сілтемелермен жеке деректерді ұрлау тәсілімен жасалады. «Кибербақылау» платформасымен 2 мыңнан астам фишингтік сайт анықталып, бұғатталды. Байланыс операторларымен бірге жалған нөмірлер мен алаяқтық қоңырауларды анықтау, тұрғындарға SMS арқылы ескерту хабарламаларын тарату жұмысы тұрақты жүргізіліп отыр. Тұрғындарға киберқауіпсіздік ережелерін сақтауды, күмәнді жайт туындағанда 102 номеріне хабарлауды ескертеміз, - дейді Расул Жолдас. 

Оның дерегіне қарағанда, қазір итернеттегі алаяқтықты анықтау, жолын кесу мақсатында «Киерпол» жедел тобы жұмыс істейді. Биыл мектептер мен колледждерде киберқауіпсіздікке 20 мыңнан аса тұрғын қатысқан арнайы лекциялар өткізілген. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 90 жастағы зейнеткердің 6 млн теңгесін алған алаяқ сотталғанын