Есепті кезеңде отбасы тыныштығын бұзған 2456 азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73 бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша жауапқа тартылған.
Сонымен қатар 2132 қорғау нұсқамасы шығарылған. Олардың талаптарын бұзған 156 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен қамалған.
Бұдан бөлек, 484 адамға қатысты мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіленген.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, өңірде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бағытында профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Бұған дейін Абай облысында отбасылық жанжалға байланысты 500-ден аса адам полиция есебінде тұрғанын жазған едік.