Ал жылыту маусымы басталғалы тұрғын үй секторында 30 өрт дерегі анықталған. Былтыр бұл уақытта осындай 27 жағдай тіркелген еді.
Мұндай мәлімет облыс әкімдігінде өткен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою мәселесі бойынша жоспарлы комиссиясының отырысында айтылды.
Төтенше жағдай департаментінің ақпаратына сенсек, алдын алу шаралары аясында әлеуметтік осал санаттағы 1684 отбасының 376 тұрғын үйіне газ және түтін дабылқаққыштары орнатылған.
Қазіргі уақытта жаңа жыл мерекесі қарсаңында өңірде «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Осыған дейін Атырауда көпқабатты үйде өрт шығып, 11 адам құтқарылғанын жазған едік.