Атырауда жоғалып кеткен бойжеткенді Жайық өзенінен іздеу қайта жалғасты

Фото: Фото: Атырау облыстық полиция департаменті

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда із-түзсіз жоғалған 23 жастағы бойжеткен әлі табылмады. Оны Жайық өзенінен іздеу қайта жалғасты.

Із-түззсіз жоғалған бойжеткенді Жайық өзенінің түбінен іздеу 15 желоқсанда басталған. Бұл деректі Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы растады. 

Фото: Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті

– Жайық өзенінен іздестіру жұмыстарын үйлестіруді Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Дидар Қажкенов пен Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ратбек Демеуберген қолға алды. Іздестіру жұмыстарына 36 құтқарушы, 1 кинологиялық есеп, 6 техника, 2 су көлігі және ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды, -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан. 

Фото: Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Жоғалған бойжеткенді іздеуге оның анасы да шыққан. Іздеу операциясы аясында Жайық өзенінің жағалауы мұқият қарау қолға алынған. 

– Су айдынының түбін сүзу әдісі жүргізіліп жатыр. Өзен түбін егжей-тегжейлі зерттеу үшін сүңгуірлер эхолот қолданады, -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Фото: Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 18 қазанда жоғалып кеткен 23 жастағы бойжеткенді іздеп жатқанын хабарлаған болатынбыз

Бірнеше күннен соң бойжеткеннің із-түзсіз жоғалуына байланысты екі күдікті ұсталды

Кейіннен із-түзсіз жоғалған 23 жастағы бойжеткенді Жайық өзенінен іздегенін жазған едік. 

Арада 44 күн өткеннен кейін жоғалған бойжеткенді Жайық өзенінен іздеу 44 күннен кейін тоқтатылды