Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 17:00 шамасында болған.
Атырау-Дамбы тас жолының бойында орналасқан Көкарна ауылындағы «Алтын құрылыс» дүкенінің маңында бірден төрт көлік – Toyota Prado, КамАЗ, Кіа және ВАЗ-2112 соқтығысты. Жүк көлігі аударылып қалған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан ВАЗ-2112 көлігінің жүргізушісі мен жасөспірім жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Осы көлікте отырған кәмелетке толмаған үш жасөспірім мен әйел жедел жәрдем көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілді.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында қаңтардан бері жол апатынан 10 адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.