Атырауда жүйкесі бұзылған ер адам автобустың әйнек тазалағышын сындырған

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қаласындағы маршрутты автобуста жүргізуші мен ер адамның арасында кикілжің туындаған. Соның салдарынан психоневрологиялық стационар есебінде тұратын ер автобустың әйнек тазалағышын сындырған.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Бұл оқиға туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған дерек 19 қазан күні тіркелген.

«Полиция қызметкерлері құқық бұзушылық жасаған ер адамның жеке басын анықтады. 44 жастағы ер адамның ІІ топ мүгедегі екені белгілі болды. Оның жауапты күтушісімен профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Қоғамдық көлікке жүргізушісімен кикілжіңге барған ер адамға қатысты тиісті құжаттар жинақталды. Іс құжаттары жауапты жергілікті атқарушы органдарға жолданды. Ер адамнның тұлға жүйке жүйесі ауруларымен есепке алынғаны белгілі болды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау полицейлері 23 жастағы бойжеткенді 3 күннен бері іздеп жатқанын хабарланған едік.