Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құрамында триэтилалюминий іздері бар полимерлі зат биг-бэгтерде сақталған.
Материал кәсіпорында жүргізіліп жатқан жоспарлы тоқтату-жөндеу жұмысы кезінде жабдықтарды тазалау барысында жиналған. Өрт жедел сөндірілген.
Компания жағдай жедел бақылауға алынып, сағат 14:00–де толық қалпына келгенін мәлімдеді
— Зардап шеккендер жоқ. Жабдықтар мен мүлікке залал келген жоқ. Қызметкерлерге және өндірістік үдеріске қауіп төнген жоқ. Жағдай кәсіпорын мамандарының бақылауында, - деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік.