Өрт туралы хабарлама құтқарушыларға бүгін 10:43–те түскен.10 техника мен 70-ге жуық адам жұмылдырылып, 12:57–де толық сөндірілген.
— Жеке құрам оқиға орнына жеткенге дейін мектеп ішіндегі қызметкерлер сыртқа шыққан. Зардап шеккендер жоқ, — деді Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары Жантөре Демешов.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шатырдың 280 шаршы метрін қамтыды.
Бұған дейін ШҚО ормандарында өрт қаупінің ең жоғары деңгейі жарияланғанын жазған едік.