Атыраудағы Миялы ауылының көшелерін еріген қар суы басты

Фото: Фото: Видеодан алынған кадр

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысындағы Мялы ауылының көшелерін еріген қар суы басты. Сейсенбіден бері ауыл көшелерінен 1486 текше метр су сорылды.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 19 наурыз сағат 15:02-де қар суын сору асталған. 

«Қызылқоға ауданындағы Ноғайты және Сағыз өзендеріндегі су деңгейі бақылауға алынды. Осы мақсатта төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті әкімшіліктің бірлесуімен арнайы бақылау бекеттері ұйымдастырылды. Ал, Миялы ауылының көшелерінен еріген қар суын соруға №10 өрт сөндіру бөлімінен 6 қызметкер, 2 мотопомпа, жергілікті атқарушы органнан 2 қызметкер, 1 техника жұмылдырылды. Сейсенбі, 19 наурыздан бүгінгі түске дейін Миялы ауылындағы көшелерден 1486 текше метр қар суы сору жұмысы жүргізілді. Еріген қар суынан ауылдағы тұрғын үйлерге төніп тұрған қауіп жоқ. Қазір ауылдағы жағдай қатаң бақыланып отыр», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткенін хабарлаған едік.