Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының мәліметінше, 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, мекеме аумағына қонған дронды анықтаған.
— Жедел шаралар нәтижесінде ұшқышсыз ұшу аппаратының жанынан түйіншек табылған. Оны тексеру барысында жасыл түсті, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған 11 пакет және насыбай салынған 2 пакет анықталды, — деп хабарлады «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша материалдар одан әрі тексеру жүргізу үшін құзыретті органдарға тапсырылған. Оқиғаның мән-жайы тексеру нәтижесінде анықталмақ.
Мұндай жағдай 15 қыркүйекте де тіркелген еді. Ол кезде әскери бөлім қызметкері түрмеден бір шақырым қашықтықта қызмет атқарып жүрген кезде жерде жатқан орамы бар дронды байқаған.