Атыраудан Дубайға рейстер уақытша тоқтатылды

Фото: pixabay

АСТАНА. KAZINFORM — Air Astana 28 маусымнан бастап Атырау-Дубай бағыты бойынша ұшу уақытының едәуір ұзаруына байланысты уақытша орындалмайтынын хабарлайды. 

Дубайға Астана мен Алматыдан ұшатын рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігі тысында жалғасады.

— Уақытша тоқтатылған рейстердің жолаушыларына Алматы және Астана қалаларынан Дубайға немесе Атыраудан басқа бағыттарға тегін қайта брондау не билеттің толық құнын қайтару ұсынылады, — делінген Air Astana хабарламасында. 

Айта кетелік Wizz Air Abu Dhabi Астана мен Абу-Даби арасындағы рейстерді уақытша тоқтатқаны туралы жазған едік

Бұған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыс аумағынан 109 отандасымыз елге қайтарылғанын жазған едік.