Х.Доспанова атындағы халықаралық әуейжайдың таратқан ақпаратына сүйенсек, жаңа бағыт бойынша рейстерді Uzbekistan Airways әуе компаниясы орындайды.
Бұл бағыт Атырау мен Нөкіс арасындағы тікелей әуе қатынасын қамтамасыз етіп, жолаушыларға екі қала арасында қатынауға мүмкіндік береді.
Алғашқы рейс 22 қарашаға жоспарланған.
Айта кетейік, бұған дейін бұл бағытта тікелей рейс болмады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, келесі жылы Астанадан Нью-Йоркке тікелей рейс ашылуы мүмкін. Қазір еліміз АҚШ-қа ұшуға қажетті рұқсат алуға дайындалып жатыр.