Инспекцияның мәліметінше, бұл туралы бүгін, 29 шілдеде әлеуметтік желі мен су айдындарына жүргізілген мониторинг кезінде анықталған. Балық Атырау қаласының маңындағы Теплый каналында қырылған.
«Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы балықтың өлімі туралы балық ресурстары мен басқа да су жануарларының қауіп-қатері және (немесе) өлімі анықталған кезде өзара іс-қимыл схемасына сәйкес барлық мүдделі мемлекеттік органдарды хабардар етті. Осы ақпаратты тексеру үшін жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын комиссия балық өлімінің болжамды орнына шықты», - деп хабарлады облысаралық инспекциядан.
Теплый каналындағы судың температурасы - 39,5 градус, оттегінің мөлшері – 6 мл/дм3. Су жылу электр орталығының қазандықтары салқындағаннан кейін каналға түседі. Сондай-ақ, шабындық аумақты суару үшін қолданылады.
Еске сала кетелік, Атырауда маусымнан бері 49,9 млн балық шабағы құтқарылғанын хабарлаған едік.