Атыраулық аспаз Түркиядағы гастрофестивалде бірінші орын алды
22:50, 25 Қараша 2023
Бағдат Қадыров Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық гастрономиялық фестивальге қатысты, деп хабарлайды Kazinform.
Жарыстың қалай өткені туралы Бағдат Қадыров Instagram парақшасында айтып берді.
Фестивальге әлемнің түкпір-түкпірінен 750-ден астам аспаз мамандары қатысқан.
Аспаздардың әзірлеген тағамдарын 15 елден келген қазылар алқасы, соның ішінде Мишлен жұлдызы иегерлері бағалады.
- Фестивальге екі номинация бойынша қатысып, 1-ші және 2-ші орындарға ие болдым. Әділқазылардың дайындаған тағамдарыма деген реакциясы маған қатты ұнады, – деп қуанышымен бөліседі Бағдат өз парақшасында.