Атыраулық рекордсмен сайлау учаскесі алдында жүк көлігін сүйреп барды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Ел рекордын жаңартып, жалпы салмағы 165 тонна болатын жеті теміржол вагонын сүйреген атыраулық Ерсейіт Бралин сайлау күні кезекті күш перформансын көрсетті.

Фото: Видеодан алынған скрин

Сайлау учаскесінің маңында арнайы алаң дайындалып, рекордсмен жүк көлігін сүйреді. Ерсейіт Бралин сайлау күніне орай арматураны қолымен иіп, одан «23» санын жасады. Кейін Құрманғазы ауданындағы № 175 сайлау учаскесіне барып, таңдау жасады.

Фото: видеодан алынған скрин

Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сүйенсек, сағат 10.00 –дегі жағдай Атырау облысында дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 18,75 пайызы бюллетень алды.