деп хабарлайды ҚазАқпарат Inopressa.ru сайтына сілтеме жасап.
Жүк кемесі Португалияның жағалауындағы Атлант мұхитында жоғалғаны жөнінде байлам жасалған, деп мәлім етілген РФ Әскери-соғыс флотының ақпарат және жұртшылықпен байланыс қызметінің хабарламасында.
Бұған дейін «Морской бюллетень - Совфрахт» басылымы Arctic Sea жүк кемесі ресейлік экипаждың шамамен Португалияның жағалауындағы Атлант мұхитында жоғалғаны жөнінде хабарлаған болатын.
Сайттың редакторы Михаил Войтенконың айтуынша, жүк кемесі алжирлік Беджай айлағына тамыздың 4-інде келуге тиіс болатын, бірақ кеме шілденің 28-інде жоғалып кеткен. Байланыс та, не орналасқан орнынан да дерек жоқ.