Атлант мұхитының жағалауында сең жүру кезінде тоғыз көгілдір кит өлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Ньюфауленд аралының оңтүстік-шығыс жағалауында сең жүру кезінде тоғыз көк кит өлді.

Бұл туралы балық шаруашылығы мен мұхит ресурстары ісі бойынша ұлттық министрліктен хабарлады.

«Биылғы жылы мұхитта сең жүру ерекше қиын. Киттер мұз құрсауларына қамалып, сол қалпы одан шыға алмай қалған. Аман қалмақ болып мұзға секіргендері сол жерде қырылған», - деді ведомствоның өкілі Джек Лоусен.

Ол әдетте, мұз сөгілу кезінде кейде төртке жуық киттің өлетіндігін, ал бірден тоғыз жануардың осындай күйге ұшырау оқиғасы бірінші рет тіркелген деп отыр.

Көгілдір киттер - әлемдегі ең ірі жануарлар. Олардың кейбірінің ұзындығы 33 метрге жетіп, салмағы 150 тоннадан асуы мүмкін.