Атлантика үстіндегі апат болған ұшақтың тағы үш жолаушысының денесі табылды

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. Маусымның 13-і. ҚазАқпарат - Атлант мұхитында үстінде апатқа ұшыраған «Эр Франс» әуекомпаниясының А-330 лайнерінің қаза болған тағы үш жолаушысының денесі табылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Бразилияның Әскери-әуе күштерінің Әуе кеңістігін бақылау жөніндегі департаментінің басшысы генерал Рамон Боржис Кардозу мәлім етті. Осылайша денелері табылған жолаушылардың саны 44 адамға жетіп отыр. 16 адамның денесі туыстары танулары үшін Ресифиге жеткізілсе, 25 дене Бразилия жағалауынан 540 шақырым жердегі Фернанду-ди-Норонья архипелагында, олар сот-медициналық сараптамасы институтында бүгін, сенбі күні жеткізіледі.Ұшақтың сынықтары мен қаза болғандардың денелерін іздеу шаралары жалғасуда. Францияның «Эмерод» атомдық сүңгуірі апат болған лайнердің «қара жәшіктерін» іздеуде.