Атлантикада биылғы жылы төрт құйын көтерілуі мүмкін

АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат - Colorado State University метеорологтары биылғы жылы Атлантика мұхитында ықтимал құйындардың болжамына түзетулер енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си сайтына сілтеме жасап.

Деректерге сай олар 10 тропикалық дауыл тұруы, олардың ішінде төртеуі құйынның күшіне жетуі мүмкін деп пайымдап отыр.

Маусымда мамандардың командасы 11 дауылды болжамдаған болатын, олардың бесеуі құйынға дейін күшейеді деп есептеген болатын.