Атлантикада жер сілкінді

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Атлантика мұхитының Сандвич аралдарының оңтүстік бөлігінде магнитудасы 4,9 жер сілкінісі болды.

АҚШ Геологиялық қызметінің хабарлауынша, жерасты дүмпулері Высокий аралынан солтүстікке қарай 61 шақырым жерде тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 109 шақырым тереңдікте орналасты. Бұл туралы РБК хабарлайды.

  Жерасты дүмпулері мен цунамиден болуы мүмкін зардаптар туралы ақпарат жоқ. Сандвич аралдарының архипелагында адамдар тұрмайды, алайда онда ғылыми экспедициялардың мүшелері болуы мүмкін.