08:17, 10 Маусым 2009
Атлантикадағы ұшақ апатының табылған құрбандарының саны 41 адамға жетті
БРАЗИЛИА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат - Іздеуші жасақтар маусымның 1-і күні Атлант мұхитының үстінде жоғалып кеткен француздың Air France әуекомпаниясының А-330 лайнерінің 41 жолаушысының денесін тапты,
деп хабарлады сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Бразилия Әскери-әуе күштері мен әскери-теңіз флотының өкілдері. Бұған дейінгі ақпараттарда ұшақ бортында болған 228 адамның 28-інің денесі табылғаны айтылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Рио-де-Жанейро халықаралық әуежайынан ұшып шыққан А-330 аэробусы Парижге қонуы керек болатын. Ұшақ жерден көтерілгеннен 4 сағаттан кейін, Атлант мұхитының үстінде онымен байланыс жоғалады. Бұл апат әлемдегі соңғы 8 жылдағы және Air France компаниясының 75 жылдық тарихындағы ең үлкен апат болып отыр.