Бүгін, 19 шілдеде кеме Халықаралық ғарыш стансасынан ажырап, Жерге оралады.
«Атлантис» Жерге 21 шілдеде қонады деп жоспарлануда. Алдын ала есептеулер бойынша, кеме Флоридаға мәскеу уақыты бойынша 13.58-де қонуы тиіс", - деп хабарлады РБК агенттігі.
Шаттл Жерге оралғаннан кейін стансада үш ресейлік ғарышкер - Халықаралық ғарыш стансасының 28-ші экипажының командирі А.Борисенко, бортинженерлер Александр Самокутяев, Сергей Волков, НАСА астронавтары - Рональд Гаран, Майкл Фоссум, жапондық ғарышкер Сатоши Фурукава жұмыстарын жалғастырады.
«Атлантис» шаттлы -Space Shuttle бағдарламасы бойынша сапарға аттанған соңғы кеме. Бұл - бағдарламаның 30 жылдық тарихын қорытындылайтын 135-ші ұшу сапары. Жерге оралғаннан кейін «Атлантис» Флоридадағы Кеннеди атындағы ғарыш орталығына көрмеге қойылады.